Ақбота Керімбекова Нұрболат Абдуллин жайлы пікір білдірді

Фото: instagram.com/botakerim

Қазақстандық танымал әнші Ақбота Керімбекова эстрада жұлдызы Нұрболат Абдуллин туралы пікірін бөлісті. Бұл туралы өнер иесі Youtube-тағы Adal adam подкастында айтты. Керімбекова Абдуллинің өнерін мойындаса да, кейбір әрекеттерін құптамайтынын жеткізді. Бұл туралы Taspanews.kz хабарлайды.


«Нұрболат Абдуллиннің әншілігін жоққа шығармаймын. Өзінше бір үні бар. Сый-құрмет жағына келсек, қатты сыйлаймын деп айта алмаймын. Мұндай көзқараста жалғыз мен емес. Өзі де көрсе, түсінер. Бізде қазір жарқырап шықса, көкіректерін аспанға тіреп қояды. Өмір бойы солай жүретін сияқты. Қасыңда тұрып, амандаспай кететін әншілеріміз бар. Оларды сыйламаймын», – деді ол.


Өнер иесі Нұрболат Абдуллинді де осы санатқа жатқызатынын айтты.


Пост из социальной сети

«Нұрболатты сол қатарға қоямын. Оны өзінің бетіне де айтқанмын, айтамын да. «Мына көкірегіңді түсірмесең, біздің жасымызға сен де келесің, артыңнан сенен мықтылар да шығады, адам қарапайым болуы керек» дедім. Басқа-басқа алдыңғы буын-бізге көрсетуі ұят қой», – деді әнші.