Ақмола облысы Макинск қаласындағы су тасқыны салдары жойылуда

Ақмола облысы ТЖД фото на taspanews.kz от 05 апреля 2025 10:00
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Ақмола облысы Макинск қаласындағы су тасқынын жою үшін 130 адам жұмылдырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Аймақтардан су сорылуда. Жұмыс тәулік бойы жүргізілуде.  


Ақмола облысы ТЖД хабарламасы бойынша, су тасқыны жағдайы күрделенген.


«ТЖ Министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнында вице-министр Рамиль Камалов барды. Сонымен қатар ауданға облыс әкімі Марат Ахметжанов келді. Су тасқыны салдарын жоюға облыстың ТЖД қатысуда, сондай-ақ Көкшетау, Атбасар және Астана қалаларынан бөлімшелер тартылды. Жақын арада Қарағанды облысының ТЖД-нан қосымша топ келеді деп күтілуде», – делінген ресми хабарламада.

5 сәуір, таңғы сағат 04: 25-тегі ақпарат бойынша, бөгеттерді нығайту үшін инертті материалдары бар қапшықтар төселуде. Барлығы 400-ге жуық адам жұмылдырды. Тасқын суды өткізу үшін автожолдарды ашу туралы шешім қабылданды.


Жағдай бақылауда.


Следите за новостями Taspanews