Ақмола облысы мешітінде болған жарылыс нәтижесінде 16 адам зардап шекті

 istockphoto.com фото на taspanews.kz от 18 ноября 2024 10:07
Фото: istockphoto.com

Ақмола облысы Сабынды ауылындағы мешітте жарылыс болған соң Астана ауруханасына жеткізілгендер саны белгілі болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақмола ДСБ сілтеме жасап.


Медициналық көмекті қажет еткендердің арасында – 13 ересек пен 3 бала. Алдын ала мәліметке сай, зардап шеккендер термиялық күйік шалудың түрлі деңгейіне тап болған. Қажетті көмек көрсетілуде.


Еске салсақ, 17 қарашада Ақмола облысындағы мешітте газ-ауа қоспасы жарылды. Жарылыстан бұрын жерлеу рәсімі өтіп жатты. Нәтижесінде, 46 жасар ер адам мен 41 жастағы әйел, сонымен қатар 12 жастағы бала қайтыс болды. Жарақат алғандар Астана қалалық ауруханасына жіберілді.


Следите за новостями Taspanews