Ақмола облысы тұрғыны әкесін ұрып-соғып, балағаттағаны үшін қамауға алынды

Фото: Pexels

32 жасар Ақмола облысы тұрғыны  қамауға алынды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


17 қараша күні мас күйінде әкесін ұрып-соғып, балағаттаған ер адам ұсталды. Полицияға қоңырау шалып, қиын жағдайда екенін айтқан әке көмек сұрап жүгінді.


Полиция өкілдері шатақ ер адамды тоқтатты. Екі әкімшілік хаттама толтырылды. Біріншісі отбасы-тұрмыстық қарым қатынастар аясындағы құқық бұзушылық бойынша, екіншісі полиция өкілдеріне қарсыласу бойынша мәліметтерді қамтиды.


Ұрып-соғу бойынша сот-медициналық сараптамасы жүргізіледі. Осыған дейін ер адамға өзінің бұрынғы әйелін балағаттағаны үшін әкімшілік хаттама толтырылғаны белгілі.