Ақмола облысы тұрғыны Қытайдан тауар әкелмекші болып алаяқтыққа барған

Deposit фото на taspanews.kz от 04 февраля 2025 17:21
Фото: Depositphotos

Астана және Қосшы қаласының тұрғыны Қытайдан төмен бағамен тауар жеткіземін деп 33 азаматтың 67 миллион теңгесін иемденген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.


2023-жылы әйел WhatsApp мессенджерінде топтар құрып, қызметін жарнамалады. Ақшаны алған соң уәдесін орындамай, оны өз қажеттіліктеріне жұмсады.


Косшы қалалық соты оны 6 жылға бас бостандығынан айырды.


Следите за новостями Taspanews