Ақмола облысында 16 отбасы баспаналы болды

Ақмола фото на taspanews.kz от 21 февраля 2025 10:07
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысында халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша мемлекет тапсырмасын орындау аясында Сандықтау аудан әкімдігі қаражаты есебінен 16 әлеуметтік осал топқа жататын отбасы баспаналы болды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Көпбалалы, өмірде қиындықтар көрген, жетім балалар Балкашино кентінен  пәтерлер алды.


"Құрылыс компаниясы өкілдерінің айтуынша, таза әрлеуі бар 16 пәтерлі тұрғын үй жарты жыл ішінде салынған. Құрылыста қазақстандық өндірістің, соның ішінде Көкшетау кірпіш зауытының материалдары қолданылды. Айта кетейік, 16 пәтерлі бұл үй Сандықтау ауданында сатып алынған алғашқы тұрғын үй кешені болды", – делінген Ақмола облысы әкімдігі келтірген ақпаратта.


Следите за новостями Taspanews