Ақмола облысында 18 кг есірткі сатушы ұсталды
Фото: Pexels
Ақмола облысында 18 кг гашиш тәркіленді, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық ПД-ге сілтеме жасап.
Қызметтік иттермен заңсыз затты анықтау арқылы 1 қап және қару табылған. Күдікті гашиш сату және сақтаумен айналысқандығы анықталды.
Аса көп есірткі сақтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторында.