Ақмола облысында 20-ға жуық жеке ауланы су басқан
Фото: gov.kz
Ақмола облысында толассыз жауған жаңбыр салдарынан 20-ға жуық жеке ауланы су басты. Суды алдын алу жұмыстары жалғасуда, - деп хабарлайды Taspanews сайты Облыстық ТЖД сайтына сілтеме жасап.
Ақмола облысында 20-ға жуық жеке ауланы су басқан. Ақмола облысында жаңбыр суын алдын алу жұмыстары жалғасуда.
Целиноград ауданы, Қоянды ауылында 700 метрге жуық суару арықтары қазылып, 6 мың текше метрге жуық су сорылды.
«Естеріңізге сала кетейік, жаңбыр түріндегі жауын-шашын салдарынан 2 жеке тұрғын үй мен 20 жеке ауланы су басқан. Екінші күні толассыз жауған жаңбыр құтқарушылардың әрекетін қиындатып отыр», - деп айтылған хабарламада.
Жағдайды жергілікті атқарушы органдар мен аудандық төтенше жағдайлар бөлімі бақылауда.