Ақмола облысында ауа-райының қолайсыздығынан жол жабылды

Фото: Pexels

Ақмола облысында желді бұрқасынға байланысты жол жабылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


Ауа райының нашарлауына байланысты, оның ішінде бұрқасын, екпінді жел және көрінудің 50 метрге дейін шектелуі салдарынан, 13 ақпан 2025 жыл, сағат 07:00-ден бастап «Астана-Петропавловск» тас жолының 18-232 шақырымы (Астана – Щучинск) барлық көлік түрлері үшін жабылды.


Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға сақтық шараларын ұстануға кеңес береді. Дауылды ескерту кезінде, әсіресе қараңғы уақытта, ұзақ сапарға шығудан бас тартып, жаяу жүруден аулақ болу қажет.


Ауа-райы мен жол қозғалысына қатысты ақпаратты қадағалауға шақырады.