Ақмола облысында газ баллоны жарылуынан 6 адам қаза тапқан

Depositphotos фото на taspanews.kz от 09 января 2025 09:52
Фото: Depositphotos

2024 жылғы көрсеткіш бойынша, Ақмола облысында газ баллонынан қаза тауып, зардап шеккендер 34-тен асты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Осылайша, өткен жылы Целиноград ауданында газ-ауа қоспасы жарылып, 3 адам жарақаттанды. Шортанлы ауданында газ баллоны жарылғаннан 3 адам қаза тапты, 10 адам жарақат алды. Қорғалжын ауылында да 3 адам қаза тауып, 16 адам жарақаттанды.


Өрт қауіпісіздігі мен түрлі оқиғаларды алдын алу мақсатында Бурабай ауданы прокуратурасы аудандық ТЖМ-мен ынтымақтастықта жергілікті халықты өрт қаупі жайлы ақпараттандырып, үйлерде көмірқышқыл газы детекторларын орнатты.


Следите за новостями Taspanews