Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшысы зардап шеккен

Depositphotos фото на taspanews.kz от 09 января 2025 10:42
Фото: Depositphotos

7 қаңтар күні Ақмола облысы, Степногорск қаласында ер адам кәсіпорында қызмет атқару барысында жарақаттанған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


46 жасар ер адам су шүмегін жабу барысында сатыдан құлап, білегін сындырған.


Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама белгіленіп, еңбек инспекторы тексеру жүргізілуде.


Еске салсақ, 8 қаңтар күні Үкімет отырысында өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселесі талқыланды. Қызметкерлердің құқығын қорғаудыжүзеге асыру мақсатында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында цифрлық мониторинг арқылы өндірістік жарақаттанудың алдын алу тетігін жетілдіріп, еңбек қауіпсіздігін бұзғаны үшін кәсіпорын иелеріне әкімшілік жауапкершілікті күшейту қарастырылды.


Следите за новостями Taspanews