Ақмола облысында «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 35 өтінім бойынша қаржыландыру жүргізілді

Depositphotos фото на taspanews.kz от 17 января 2025 09:49
Фото: Depositphotos

Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов «Кең дала 2» және «Ауыл Аманаты» бағдарламаларын жүзеге асыратын «KOKSHE» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациянда кеңес өткізді. Ауыл шаруашылығын кәсіп еткендерді сүйемелдеу жағдайы сөз етілді, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.


Кеңес барысында «Кең дала 2» бағдарламасы аясында 11 млрд теңгеге 35 өтінім бойынша қаржыландыру жүргізілгені туралы мәлімет келтірілді. Фермерлер жеңілдетілген несиелер алды, бұл егістік жұмыстарына дайындық мақсатында жүзеге асырылды. Марат Ахметжанов несие мен субсидия алған ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер өнімділік пен жоғары сапа көрсету керек екенін айтты.


Сонымен қатар, «Ауыл аманаты» бағдарламасының қатысушыларын анықтау тапсырылды. Ол үшін елді мекендерді скринингтен өткізу, қарыз алушыларды сүйемелдеуді қамтамасыз ету керектігі баса айтылды.


«Бұл бағдарламаны іске асыруға 1,8 млрд теңге бөлініп, 391 жаңа жұмыс орнын құруға жол ашатын кемінде 308 шағын несие беру жоспарлануда»,  делінген облыс әкімдігі ресми ақпаратында.  

Следите за новостями Taspanews