Ақмола облысында күйеу бала қайың енесінің алтынын ұрлады
Фото: Pexels
Ақмола облысы Қосшы қаласында күйеу бала енесінің үйінен алтын мен күміс бұйымдар ұрлаған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақмола облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Үй иесі алтын жоғалғаны туралы арызды 19 қарашада бергенімен, мүліктің жоғалғанын қазанда байқады.
Полиция департаментінің алдын ала мәліметіне сай, іске күдікті ретінде оның күйеу баласы тартылып, зергерлік бұйымдарды ломбардқа өткізгені мәлімделді.
Келтірілген шығын көлемі – 1 млн 500 мың теңге. Іс бойынша тергеу жүргізіліп, мүлікті иесіне қайтару жүзеге асуда.