Ақмола облысында өрт сөндірушілер жарылыстың алдын алды
Фото: ҚР ТЖМ
Сейсенбі, 30 шілде күні таңертең Ақмола облысында 400 шаршы метр аумақта металл және қайталама шикізат қабылдау пунктінде өрт шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Жалынмен күрес барысында өрт сөндірушілер жарылыс мүмкіндігін болдырмау мақсатында, аумақтан жиырма оттегі цистернасын алып шықты.
Өрт толығымен сөндірілді, себебі анықталды.