Ақмола облысында полицейлер қылмыскерді жасырғаны үшін айыпталды

Фото: Pexels

Ақмола облысы Ерейментау ауданында полицейлер қылмыс бойынша тергеу-тексеру жүргізбей, қылмысты жасырды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс прокуратурасына сілтеме жасап.


Бұрынырақ, дүкенінен тауар ұрлағанын айтып келген қала тұрғыны арызы қараусыз қалған. Осыдан аудан прокуратурасы істі тіркеп, полицияға тексеруге тапсырма берді.


Ұрлық бойынша күдіктілер ұсталды. Тексеру нәтижелері сотқа жолданды. Қылмысты жасырғандар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.