Ақмола облысында полиция қызметкерлері көпқабатты үйдегі өрттен 4 адамды құтқарды

Pexels фото на taspanews.kz от 30 декабря 2024 18:22
Фото: Pexels

Ақмола облысы, Қосшы қаласы, Алтын Орда-1 тұрғын үй кешеніндегі өртке Төтенше жағдайлар қызметінен бұрын полиция қызметкерлері келіп жеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.


Әлеуметтік желіде тараған 40 адам Төтенше жағдайлар қызметімен эвакуацияланды деген ақпарат біршама түзетуге тұрарлық. Оқиға орнына бірінші болып полиция қызметкерлері келіп жеткен. Қоңырау да соларға бірінші болып түскен. Қоңыраудан кейін 2 құқық қорғаушы 3 минут ішінде көмекке келіп, түтін ішінен үй тұрғындарын сыртқа шығарған. 4 адам өрттен құтқарылды.


«Қорқыныштан терезеден секіріп кетуге дайын адамдар болды. Оларды тыныштандырып, сабырға шақырдық. Бізден кейін біршама уақыттан кейін Төтенше жағдай қызметі келді»,   – деді полиция қызметкерлері.

Мәслихат депутаты да полицейлердің бірінші болып жеткенін жеткізді. Ал құқық қорғаушылар өз кезегінде мұндай жағдайлар жиі болып тұратынын айтты. Алайда, олар өздерін жария еткенді жөн көрмейді екен.


Polisia.kz
Следите за новостями Taspanews