Ақмола облысында шетел азаматы жол тегістейтін темір каток ұрлаған

Ақмола облысында шетел азаматы  жол тегістейтін темір каток ұрлаған фото на taspanews.kz от 22 июля 2024 12:18
Фото: Ақмола облысы ПД

Ақмола облысында кәсіпорын аумағынан ауыр техниканы ұрлаған шетелдік азамат ұсталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz "Ақмола облысының ПД" сілтеме жасап.


17 шілдеде Зеренді ауданының полициясына кәсіпорын басшысынан 12 шілдеде ЖШС аумағынан жол тегістейтін темір каток ұрланғаны туралы өтініш-хабар келіп түсті. Қазіргі уақытта қылмыскердің іс-әрекеті тарапынан келтірілген залал анықталуда.


Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында күдіктіні ұстады. Ол көрші елдердің бірінің 43 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы факті бойынша полиция бөлімі Қазақстан Республикасы ҚК 188-бабының 1-бөлігі "Ұрлық"бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді.


Іс жүргізу мәжбүрлеу шарасы күдіктіге қатысу міндеттемесін жүктейді.  


Следите за новостями Taspanews