Ақмола облысында су басқан Старый Колутон ауылы үшін күрес жүруде

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 07 апреля 2025 09:22
Фото: ҚР ТЖМ

Ақмола облысы, Астрахан ауданында Қалқұтан өзенінің жайылуына байланысты Старый Колутон ауылын су басып, оған көлікпен жету мүмкін болмаған. ТЖМ құтқарушылары адамдарды қайық көмегімен тасымалдауда, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.


6 сәуір күні 21 адам, оның ішінде 1 жүкті әйел қайық көмегімен тасымаллданды. 21 бас сиыр мен 100-ге жуық қошқар айдалды. Инертті материалдары бар 1000-нан астам қап төселіп, 300 текше метр су сорылды.


Жағдай ҚР ТЖМ бақылауында. Құтқару жұмысына жеке құрамның 70-ке жуық адамы мен еріктілер жұмылдырылды.


Следите за новостями Taspanews