Ақмола облысында су тасқынын алдын алуға бөлінген қаражатты ұрлағандар ұсталды
2021 жылы Атбасар ауданындағы су басу қаупі төнген аймақтан 200 жанұяны көшіруге арналған қаражатты ұрлағандар белгілі болды. – деп хабарлайды Taspanews.kz Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Атбасар ауданы әкімдігіне қарасты құрылыс бөлімі, "Престиж строй 7" және "Фундаменталь ЖШС" басшылары жалпы көлемі 300 млн теңгеден астам Үкімет бөлген қаражатты жымқырды. Жоба аясында 100 пәтерлі 2 үй салыну қажет болған.
Қылмыс ҚК 189 бабы, 4 бөлігі бойынша аса ірі көлемде жымқыру – талан таражға салу етіп сараланды.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған Алматы мен Астанадағы коммерциялық жылжымайтын мүлік, арнайы техника, құрылыс құралдары табылды. Банк шоттарында 50 млн теңгеден астам қаражат болды. Жалпы заңсыз мүлік құны 335 млн теңгеге шақ бағаланды.
Жалға берілген мүлік бойынша бір күдіктіге ҚК 218 бабы 3 бөлігі "Қылмыспен алынған ақша мен мүлікті заңдастыру" бойынша бөлек айып тағылды.
Қылмыстық процесске қатысушылар іс материалдарымен танысуда. Іс сотта қаралады.