Ақмола облысы Ерейментау қаласында темекі сөндірмегеннен үй өртенді
Фото: Freepik
Ақмола облысы Ерейментауда ер адам темекіні сөндірмей, ұйқыға кеткеннен үй өртенген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақмола ТЖД сілтеме жасап.
Өрт 4 шаршы метрді құраған. Көршілері байқап қалған өртке себепші ер адам мас күйінде темекі тартып ұйықтап қалған. Бұл куәландыру кезінде белгілі болды.
Нәтижесінде, оған 410 бап 1 бөлім бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Абайсыздан болған өрт үшін айыппұл төленеді.
Пост из социальной сети