Ақмола облысында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ескерткішін бүлдірген адам ұсталды
Фото: sinegor.kz
Ақмола облысындағы ескерткіштің тақтайшаларын жұлған адам табылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
26 қазанда тіркелген вандализмнің себепшісі 38 жасар ер адам болып шықты.
Сотқа дейін тергеп-тексеру басталды. Күдікті күнәсін мойындады.
ҚР ҚК-нің 294-бабы бойынша іс қарауда болады.