Ақмола облысында ұшақ өртенді

Фото: ҚР ТЖМ

21 шілде, жексенбі күні түстен кейін Державинск қаласынан он шақырым жерде АН-2 ұшағы әуеге көтеріле бастағанда, өртенген, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ Telegram-арнасының ақпаратына сілтеме жасап.


Ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшқыш өртенген кабинасынан өздігімен шыға алды.


ТЖМ қызметкерлерін шақырған сәттен бастап тоғыз минут ішінде өрт бақылауға алынып, жойылды.