Ақмола облысында заңсыз іспен айналысатын цех табылды
Фото: Polisia.kz
Ақмола облысының Заводской ауылында құрамында алтын бар материалдарды қайта өңдейтін цех жұмысы анықталды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Polisia.kz сілтеме жасап.
Тінту барысында 6 ұсақтау қондырғысы және құрамында алтын бар материалдармен 30 қапшық табылды.
Бұл іске бас болғандар Заводской ауылы және Степногорск тұрғындары болып шықты. Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.