Ақмола облысында жеті көпбалалы отбасыға пәтерлер берілді
Фото: Ақмола облысы әкімдігі
Ақмола облысы, Зеренді ауданындағы көпбалалы отбасыларға жаңа баспана кілттері салтанатты түрде тапсырылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыс әкімдігіне сілтеме жасап.
Аудан әкімдігі тұрғын үй жағдайы нашар отбасылар үшін 7 пәтер сатып алды. Әр пәтер ауданы 84 шаршы метрді құрайды.
Баспаны кілтін тұрғындарға Ақмола облысы әкімі Марат Ахметжанов тапсырды:
“Іс-шара тұрғын үй құрылысын дамытудың және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өтті”,