Ақмола облысында жетім балаға арналған үйде мемлекеттік мекеме басшысы тұрып келген

Фото: Pexels
Ақмола облысы прокуратурасы жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балардың құқығын қорғады, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Бас прокуратурасына сілтеме жасап.
Осы санаттағы балалардың баспана алуындағы басымдығына қармастан 38 бала тұрғын үй кезегінен шығарылған. Ал 8 баланың есепке уақытында қойылмағаны анықталды. 1 балаға тұрғын үйді беру бас тартылды.
Одан бөлек, аудан орталықтарының бірінде жетім балаға арналған пәтерде 2 жыл бойы мемлекеттік мекеме басшысы тұрып келгені белгілі болды. Пәтер прокуратураның қадағалау актісімен жетім балаға қайтарылды. Келесі кезекте басқа балалардың да құқығын қорғау бойынша шаралар жүргізілуде.