Ақмола облысында жолды су басу салдарынан көлік қозғалысы шектелді

Фото: Pexels
2025 жылы 6 сәуір күні сағат 11:00 шамасында Ақмола облысының «Көкшетау-Атбасар» автожолының бір бөлігінде көлік қозғалысына шектеу қойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚазАвтоЖол ресми ақпаратына сілтеме жасап.
«Көкшетау-Атбасар» тас жолының 103-184 шақырымы, Балкашино ауылы – Атбасар қаласы аралығындағы жолды су басты.
Еріген қар сулары көлік қозғалысына қауіп төндірді. Сол себепті көлік қозғалысын шектеу шарасы қабылданды.