Ақмола облысында жүк көлік пойыз астына түсіп қала жаздады

Қазақстан Теміржолшысы фото на taspanews.kz от 12 марта 2025 10:24
Фото: Қазақстан Теміржолшысы

2025 жылы 7 наурыз күні Ақмола облысы, Сұрған станциясы маңында жүк көлік бұзылып қалып, теміржол үстінде тұрып қалған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қазақстан Теміржолшысына сілтеме жасап.


Пойыз төтенше жағдайда тоқтап үлгерді. Оқиға Тобыл мен Есіл учаскелері аралығындағы өткелде болды.


Еске салсақ, 2025 жылдың 10 қаңтары күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың ҚТЖ теміржолдарында қауіпсіздік шараларын сақтамау бойынша ережелерді қатаңдату туралы Заңға қол қойды.  


«607-бапқа сәйкес, өткелден тыс жолдарды кесіп өтуді, жабық шлагбаум немесе тыйым салу сигналы кезінде өткелге шығуды, өткелде тоқтауды қоса алғанда, темір жол өткелдерінің жүру ережелерін бұзғаны үшін айыппұл екі есеге 20 АЕК-ке (78 640 теңге) дейін ұлғайтылды. Бапта алғаш рет бұзушылық көлік құралдарына немесе мүлікке зақым келтірген жағдайда, тоғыз айға дейінгі мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айыру жазасы енгізіледі», – делінген ресми хабарламада.

Следите за новостями Taspanews