Ақмола облысындағы құрылыс алаңында бала өлімінен кейін сот үкімі шықты
Ақмола облысы, Төңкеріс ауылы құрылыс алаңында қараусыз қалған төрт жасар баланың өлімі бойынша сот үкімі шықты.
Оқиға өткен жылдың жазында орын алған. Балабақша салынып жатқан жерде ол беті жабылмаған құдыққа сүрініп, батып кеткен, – деп хабарлайды Taspanews.kz Жоғарғы Сотқа сілтеме жасап.
Құрылысқа жауапты ЖШС бас директоры қауіпсіздік нормаларын бұзды деп айыпталды. Сот мердігердің денсаулық қорғау және қауіпсіздік шараларын тиісті деңгейде қамтамыз ету шараларын тиісті деңгейде қамтамасыз етпегенін айтты. Салдарынан құрылыс алаңы қоршалмаған, қауіпті аймақтар белгіленбегенін және құдықтар ашық қалған.Сот отырысында директор өз кінәсін мойындап, қайтыс болған баланың ата-анасымен медиативті келісім жасасты, материалдық шығынды өтегенін айтып, өкініш білдірді. Мән-жайды, сондай-ақ айыпталушының кішкентай балаларының болуын ескерген сот жазаны жеңілдету туралы шешім қабылдады.
Шортанды ауданының соты оған 3 жыл мерзімге құрылыс саласында қызметпен айналысуға шартты түрде тыйым салып, 6 жылға бас бостандығынан айырды. Шартты түрде жазалауды талап еткен прокурор жәбірленушілердің азаматтық талап қоюы сияқты ауырлататын факторлардың жоқтығын атап өтті.
Үкім заңды күшіне әлі енбеді.