Ақмола облысындағы зорлық-зомбылықпен күрес акциясының қорытындысы шықты
Фото: Pexels
Ақмола облысында "Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенділіктің 16 күні" акциясы қорытындыланды, – деп хабарлайды Taspanews.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Жыл бойындағы нәтижелерге көз жүгіртілді. Соның ішінде Қосшы мен Бұландыдағы 2 дағдарыс орталығының ашылуы, жалпы алғанда дағдарыс орталықтарына 219 адам, 152 бала жіберілгені атап өтілді.
"Полиция мен ҮЕҰ бірлескен күш-жігерімен 500-ден астам іс-шара өткізілді, оның ішінде агрессорларға арналған дәрістер, дөңгелек үстелдер, флешмобтар және жастарға арналған білім беру бағдарламалары", –
Сол күні өткен сабақ барысында агрессорларды анықтау және оңалтуға қажетті шаралар қолдану бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылық қаупін бағалауға арналған құрал ұсынылды.