Ақтау қаласында аялдама желге төтеп бере алмай құлады

Фото: Pexels

Ақтау қаласындағы №1 шағын ауданда аялдама желге төтеп бере алмады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.


Нәтижесінде, адам үстіне құлап, зардап шеккен азамат облыстық ауруханаға жеткізілді.


Полиция келтірген мәліметке сай, құрылыс ережелерін сақтамағандық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Еске салсақ, 30 қарашада Қарағанды облысында тұрғын үй құрылысы кезінде лифт құлап кеткен. 


Пост из социальной сети