Ақтау маңында қаза тапқан әзірбайжандықтардың несие міндеттемелері жойылды

ҚР ТЖМ фото на taspanews.kz от 08 января 2025 16:00
Фото: ҚР ТЖМ

Ақтау маңында орын алған ұшақ апаты нәтижесінде қаза тапқан әзірбайжандықтардың несие міндеттемелері жойылды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Oxu.az ақпаратына сілтеме жасап.


Әзірбайжан банктерінің қауымдастығы мен Әзірбайжан микроқаржыландыру қауымдастығының бірлескен мәлімдемесінде осындай шешім келтірілді. Қайтыс болғандарға көңіл айта және жағдайға түсінікпен қарау алға тартылып, банктер мен банкке қатысы жоқ несие ұйымдары қарыздарды өз бюджетінен жабатын болды.


"Баку - Грозный рейсінің экипаж мүшелері мен жолаушыларының қайғылы қазасы бүкіл елді, соның ішінде Әзірбайжанның банк қауымдастығын қатты дүр сілкіндірді. Әзірбайжан Орталық банкінің ұсынысы бойынша және ӘБҚ мен ӘМҚ бастамасы бойынша қаза тапқандардың кредиттік қарыздары есептен шығарылды. Қаза тапқандардың отбасы мүшелеріне көңіл айтамыз және зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектеспіз",  – делінген ресми хабарламада.

Еске салсақ, 25 желтоқсанда Ақтау маңында Әзірбайжан әуе компаниясының ұшағы құлады. 67 адамның ішінен 29 адам аман қалды. Бортта болған 6 қазақстандық қаза болды.


Следите за новостями Taspanews