Ақтау маңында қираған ұшақтағы борттық өздігінен жазғыш деректер Бразилияға жіберіледі

Фото: Pexels.com

29 желтоқсанда берілген мәліметке сәйкес, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев басқаратын авиациялық оқиғаны тергеу Комиссиясы борттық өздігімен жазғыштарды (қара жәшіктерді) Бразилиялық авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу – Cenipa орталығына жібереді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Чикаго конвенциясының 2-қосымшасына сәйкес, тергеу жүргізуші мемлекет борттық өздігімен жазғыш деректерді қай ел ашып жазатыны туралы шешім қабылдайды. Қазақстан аталған конвенцияны 1992 жылы ратификациялады және Халықаралық авиация ұйымының мүшесі қатарында.


Әзірбайжан мен Ресейлік авиациялық билік өкілдерімен келісе, Embraer ұшағын жасап шығарушы елдердің бірі – Бразилияға қара жәшіктерді беру шешімі қабылданды.