Ақтау маңында құлаған ұшақта Қазақстан азаматтары болған
Ақтау қаласына жақын жерде апатқа ұшыраған ұшақта Қазақстан азаматтары да болған, – деп хабарлайды Taspanews.kz.
Бұл туралы Baza алдын ала мәліметтерге сілтеме жасап мәлімдеді.
Жарияланған ақпаратқа сәйкес, апатқа ұшыраған ұшақтың жолаушылары арасында бес елдің: Қазақстан, Әзірбайжан, Ресей, Тәжікстан және Қырғызстан азаматтары бар.
«Ұшақ бортында әртүрлі елдердің, соның ішінде Қазақстанның азаматтары болған. Олардың ішінде 16 адам – Ресей азаматтары, бірақ жолаушылардың көбісі Әзірбайжан азаматтары болуы мүмкін», - делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Бакуден Грозныйға ұшып келе жатқан ұшақтың Ақтау маңында апатқа ұшырағаны белгілі болған еді.
Оқиға орнында құтқару қызметтері жұмысты жалғастыруда. Қазақстан Төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары мен техникасы тартылды. Қазіргі уақытта жолаушылардың нақты саны мен азаматтығын анықтау жүргізілуде.