Ақтау маңындағы қайғылы оқиға: аман қалған Қырғызстан азаматы есін жиды
Ақтау маңында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырағаннан, ең ауыр жарақат алған 20 жастағы Қырғызстан азаматы есін жиды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Қырғызстан Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол – ұшақта болған үш қырғыз азаматының бірі.
Ер адамның есін жиған сәті түсірілген видео Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми парақшасында жарияланды. Онда жас жігіт қимыл жасап, жауап қайтарғаны байқалады.
«Қазіргі уақытта зардап шеккен азамат Ақтауда, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Осы қиын сәтте оған қолдау көрсету үшін жақындары келді. Оларға құтқарушылар мен дәрігерлер де қосылды»,
Ұшақ апатынан зардап шеккен тағы екі қырғыз азаматының жағдайы тұрақты, медицина қызметкерлерінің бақылауында. Бұл шаралар зардап шеккендерге көмек көрсету барысы Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың тұрақты қадағалауымен жүзеге асырылуда.
Қырғызстан зардап шеккендерді мамандандырылған медициналық мекемелерге жеткізу үшін көліктер дайындауда. Тасымалдау туралы соңғы шешім дәрігерлер науқастың жағдайы бойынша қорытынды жасағаннан кейін қабылданады.
Еске салсақ, AZAL әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 лайнері Бакуден ұшып, Грозныйға бет алған. 25 желтоқсан күні таңертең жолаушылары Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам, оның ішінде бес экипаж мүшесі болған. Олардың 38-і қайтыс болып, 29 адам аман қалды. Аман қалған стюардессалар ұшақтың Грозный қаласының маңында шабуылға ұшырағанын айтты.