Ақтау маңындағы ұшақ апатынан зардап шеккен ресейлік 11 жасар қыз ауруханадан шығарылды
Фото: ҚР ТЖМ
Ресей Федерациясының Президенті жанындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл 11 жасар қыздың жағдайы тұрақталғанын жеткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz уәкілдің телеграм арнасына сілтеме жасап.
Қыздың анасы Мәскеулік ауруханаларда ем алуда.
26-желтоқсан күні берілген ақпаратқа сай, Ресей Төтенше жағдайлар министрлігі өкілдері қызды, оның анасы мен тағы 7 зардап шеккен, аман қалған ресейліктерді еліне әкелді. Ол кезде қыздың анасының жағдайы ауыр деп бағаланған.
Еске салсақ, 25-желтоқсанда Әзірбайжан елінің әуе жолдарының ұшағы Бакуден Грозныйға ұшу барысында апатқа ұшырап, Ақтау маңына жете бергенде құлаған.