Ақтауда белгісіз себептермен қаза болған ММА күрескерінің қан сараптама нәтижесі шықты

Фото: Әлеуметтік желілер

Сот-медициналық сараптама нәтижесінде Атыраулық күрескер қанының құрамында есірткі табылмады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.


Белгісіз себептермен қаза болып, ақтаулық қоқыс тастау орындарының маңында денесі табылған Гусеин Джафаровтың қан сараптамасы жарияланды. Мәйіт бұзылғаннан өлімнің нақты себебін анықтау мүмкін болмады. Іс бойынша тергеу жалғасуда.


"Химиялық-токсикологиялық зерттеу кезінде қанда этил спирті - 0,61% (промилле), бүйректе - 1,25% (промилле) анықталды. Ноксирон, морфин, кодеин, тебаин, наркотин, моноацетилморфин, гидрокодон, дионин, промедол, деазепам, нитразепам қанында, бауыры және бүйрегінде болмаған", – сарапшы.


Еске салсақ, күрескер мәйіті 20 қыркүйекте, Ақтаудағы 3-ші шағын ауданда табылды.