Ақтауда фитнес жаттықтырушысын зорлағандарға қатысты аппеляциялық сот үкім шығарды

Фото: Depositphotos

Ақтауда бір топ ер адаммен зорланған әйелге қастандық жасағандарға қатысты апелляциялық сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.


Қылмыс бойынша басты рөл атқарған ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Қалған сотталушылар түрмеде 13 және 16 жыл жаза өтейтін болады. Аппеляциялық сотқа жәбірленушінің анасы бірінші рет келді. Одан бөлек, журналистерді ішке кіргізген. Сотталғандар қыздың ата-анасына 19 млн теңге материалдық өтемақы беруге міндеттелді, 30 млн теңге моральдық зиян өтелу керек.


2025 жылы, қаңтар айында НеМолчи.кз оқиғаның мән-жайын жариялаған. Ер адамдар қызды ұрлап әкетіп, зорлап, есірткі қабылдауға итермелеген. Айыпталушылар бұрынырақ сотты болған.


Осыған дейінгі сот отырысында судья тағылған айыпты қыздың өз-өзіне қол жұмсағанын алға тартып, қайта саралаған. Кейіннен Маңғыстау облыстық прокуратурасы бұл шешімге қарсылық білдірді.