Ақтауда Каспий теңізі жағалауы қызыл түске боялуда

"Су диатомдық балдырлар әсерінен боялады. Бұл температураның әртүрлігіне байланысты болуы мүмкін. Экология кері әсері жоқ",  фото на taspanews.kz от 13 февраля 2025 16:17
Фото: 112_Aktau

Ақтаудағы 1-шағын ауданы  және Ақшұқыр ауылы маңында Каспий теңізі жағалауы қызыл түске боялған, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.


"Эко Маңғыстау" ҮЕҰ басшысы Кирилл Осин бұл жыл сайын болатын құбылыс екенін түсіндірді.


"Су диатомдық балдырлар әсерінен боялады. Бұл температураның әртүрлігіне байланысты болуы мүмкін. Экология кері әсері жоқ",  – деді ол.

Маңғыстау облысы Экология департаменті суды талдаудан өткізеді.


"Зерттеу аясында теңіз суының құрамында химиялық заттар мен мұнай өнімдерінің бар-жоғына талдау жасалады. Нәтиже қосымша хабарланады. Айта кетсек, мұндай құбылыс бейнеленген кадрлар әлеуметтік желілерде жыл сайын тарап жатады", – деді Маңғыстау облысы Экология департаментінде.


Следите за новостями Taspanews