Ақтауда көлік үй ауласындағы балалар алаңына соғылған
Фото: Ақтау қаласы Полиция басқармасы
2025 жыл, 12 қаңтар, сағат 22:00-де Ақтау қаласындағы 29-шағын ауданда жол-көлік оқиғасы орын алды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Ақтау қаласы полиция басқармасына сілтеме жасап.
22-үй ауласында Hyundai Accent көлігі жаяу жүргіншіні соғып, кейіннен балалар ойнайтын алаң қоршауына соқтығысқан. Жаяу жүргінші жағдайы бірқалыпты.
Еске салсақ, 2024 жыл, 30 желтоқсанда Астаналық көпірде болған жол апаты адам қазасына әкеліп соқты.