Ақтауда көпқабатты үйдің төбесінде бетон құрылымы құлаған

Фото: Lada.kz

28-29 желтоқсанға қараған түні Ақтау қаласы, 9 шағын ауданы, 28-үйде көпқабатты үйдің шатырынан қатты дауыс шығып, үйді сілкіндірген, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.


Қираған дауыстан ойынған үй тұрғындары кейінніен шатырда бетон құрылымы құлағанын білді. Олардың айтуынша, жоғарыда орнатылған антенналар мен ұялы телефон желісін қамтамасыз ететін сымдар ауырлық еткен.


Өңірлік Төтенше жағдайлар департаменті өкілдері қираған құрылымды тазартуда.


Aktau Lada