Ақтауда облыстық әкімдікке кіре алмаған адамның өзін өртеген видеосы жарияланды
Фото: 112_Aktau
5 желтоқсан күні Ақтау облысы тұрғыны әкіммен кездесуге кіре алмай, өзін жағып жіберді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының чатында бүгін өңір әкімі халықты қабылдауға ашық екені туралы ақпарат жарияланды. Бұл хабарды бейтаныс адам таратқан.
Осы тұрғыда бір ер адам әкіммен кездесуді талап етті. Мекеме қызметкерлері әкімнің бүгін қала тұрғындарымен кездеспейтінін айтып, ер адамды ішке кіргізбеген. Сонда ол өзін жағып жіберіп, ішке енген.
От ғимарат ішінде сөндірілді. Ер адамның облыстық ауруханада қиын жағдайда жатқаны белгілі.
Ер адамның өзін жағып жіберген видеосын 112_Aktau инстаграм парақшасы жариялады.