Ақтауда террористік акт бойынша сот үкімі шықты

Терроризм фото на taspanews.kz от 21 октября 2024 14:10
Фото: ҚР ҰҚК

Ақтау қалалық сотында террористік акт жасамақ болған жергілікті тұрғынның ісі бойынша сот үкімі шықты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ҰҚК сілтеме жасап.


Оған террористік акт жасау және терроризмді насихаттау бойынша айып тағылды. Осындай іс-әрекетті іске асыру үшін ол жарылғыш құрылғы, болттар мен шегелер сатып алған.


Қылмыскер Маңғыстау облысы мемлекеттік мекемелеріне шабуыл жасауды көздеген.


Сот үкімімен 18 жылға бас бостандығынан айырылу тағайындалды.


Айта кетсек, бұл адамның бұған дейін адам өлімі үшін сотты болғаны белгілі.


Следите за новостями Taspanews