Ақтауда тұрғын үйдегі өрттен 91 адам шығарылды
Фото: Pexels
Ақтау қаласында тұрғын үйге жапсарлас азық-түлік дүкені өртенді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Көпқабатты үйлердің бірінің бірінші қабатында орналасқан азық-түлік дүкенінде сөрелер жанды.
Құтқарушылар үйден 60 бала мен 31 ересекті сыртқа шығарды.
Өрт шағын алаңда сөндірілді.