Ақтауда ыстық су мен жылыту тарифтерін көтеру бойынша қоғамдық тыңдаулар өтеді

Фото: Depositphotos
«Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС өтініші бойынша 4-қаңтар күні сағат 16:00-де қоғамдық тыңдаулар өтеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.
Тыңдауларда 2025 жылы ыстық су мен жылыту төлемдерінің бағасын көтеру қажеттілігінің объективтілігі талқыланады. Азаматтар сөз сөйлеп, қарсылық білдіріп, сұрақтар қоя алады.
Еске салсақ, Маңғыстау облысында 1-ақпаннан бастап ауыз су бойынша төлемдер жаңа тарифтер арқылы жүргізіледі.