Ақтауда жанар-жағар май бекеті жанында көлік өртенді
Фото: Pexels
Ақтауда өрт сөндірушілер көліктегі өртпен күресті, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР ТЖМ сілтеме жасап.
Жеңіл көлік 29А ықшам ауданында жанар-жағар май бекеті маңында жалынға ұшқан.
Өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Оқиғаның-мән жайы мен өрт туындау себебі анықталуда.
Өрт орын алған жағдайда ТЖМ 112 нөміріне хабарласуға кеңес береді.