Ақтауда жаяу жүргіншіні соққан заң бұзушыға қарсы қылмыстық іс қозғалды
Фото: Pexels
Ақтауда жол ортасындағы жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан адамды соққаны үшін жүргізушіге қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды Taspanews.kz Lada.kz сілтеме жасап.
Еске салсақ, 28 қарашада Ақтаудағы 8-шағын ауданда жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргінші жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Оны соққан жүргізушінің көлігі айыппұл тұрағына орналастырылды.
"Жүргізушіге 160 АЕК (590 720 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салу, не болмаса сол мөлшерде түзеу жұмыстары, немесе 160 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 2 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру мен 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу жазасы қарастырылады", – делінген Lada келтірген ақпаратта.