Ақтауда жылыту жүйесінің жұмысы мен сумен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылды

Фото: depositphotos.com

«АЭЖБ» МКК мен «Каспий жылу, су арнасы” МКК 28-қаңтар күні қаланың кей жерлерін сумен, электрэнергиямен және жылумен қамтамасыз ету жоспарлы және апатты жөндеу жұмыстарына байланысты уақытша тоқтайтынын жеткізді, – деп хабарлайды Taspanews.kz АЭЖБ МКК сілтеме жасап.


33-шағын ауданда сағат 09:30-13:30 аралығында электрэнергия болмайды. Уақытша өшіру №28, 30, 31, 32 үйлерді қамтиды.


Lada.kz мәліметіне сай, сумен қамтамасыз ету келесі нүктелер бойынша тоқтатылады:


7 шағын аудан, №19 үйде ауыз су өшірілді;


14 шағын аудан, №16 үйде ауыз су өшірілді;


Шығыс-2 шағынауданы, №104-112 коттедждерде ауыз суды өшірді;


19а шағын аудан, мұражай ғимаратында ауыз су өшірілді;


3 шағын аудан, №1 балабақшада, үйлерде ауыз су өшірілді №28, 29, 30, 31.


«Каспий жылу, су арнасы” МКК 13, 14 шағын аудандарда белгілі бір апатты жою бойынша жөндеу жұмыстары жургізілуде екенін хабарлады. Маңғыстау облысы әкімдігінің телеграм арнасында қала тұрғындары жылудың жоқтығы бойынша шағымдар түсіруде. 


Жылу өшірілген жерлер:


9 шағынаудан, №18 үй; 7 шағын аудан, №9 мектеп; 32а шағынаудан, № 19 үй.