Ақтаудағы ұшақ апаты: Марат Қарабаев басшылығындағы Комиссия мен 17 халықаралық сарапшы бірікті

Фото: Көлік министрлігі баспасөз қызметі

Ақтау қаласына Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Бас хатшысының тапсырмасына сәйкес арнайы бақылаушы-авиациялық оқиғаларды тергеу секциясының басшысы Тормодур Тормодсон келді. Одан бөлек, 17 халықаралық сарапшы бас қосты, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.


Үкіметтік комиссияның құрамына енетін Көлік министрлігіне қарасты комиссияны басқаруға тағайындалған Марат Қарабаевтың төрағалығымен апат себебін анықтау мен ұқсас жағдайдың алдын алу бойынша 17 халықаралық кеңесшімен жиналыс өтті.


"Комиссия жұмыс жоспарын нақтылады. Комиссия оқиға орнына толық құраммен бірге барып, апатқа ұшыраған әуе кемесінің элементтері жиналатын арнайы ангарды қарайды. Әуе кемесінің элементтерін жинайтын күн бірлесе бекітіледі", Көлік министрлігі хабарламасынан.