Ақтаудағы ұшақ апаты: зардап шеккендерді Қырғызстан мен Әзірбайжанға эвакуациялау жоспарланды

Фото: Pexels

Денсаулық сақтау министрлігі Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында төрт адам жан сақтау бөлімінде жатса, екеуі травмотологияда екенін мәлімдеді, – деп хабарлайды Taspanews.kz ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.


Зардап шеккендердің бірі вазопрессорлардан шығарылды. Қырғыстанмен 3 адамды елге жіберу туралы талқылау жүргізілуде. Олардың екеуін тасымалдауға болса, бірі ауыр жағдайда – өкпесі жасанды желдетуде.


Әзірбайжан Республикасына 2 пациентті эвакуациялау бойынша кеңес жоспарланған.


Ұшақ апатынан зардап шеккен 29 азаматтың 27-сі Маңғыстау ауруханасына жеткізілді.


Науқастар ми жарақатын, мидың шайқалуы мен кеуде қуысы жабық жарақаттары мен травматикалық шок бойынша келіп түсті.


«Екі күннің ішінде республика бойынша қан орталықтарында 1,5 мыңнан астам адам 800 литр қан тапсырды. Ақтаудың өзінде донорлық пункттерге 490 адам келді, Астанада – 600 – ден астам адам, Шымкентте – 125, Ақтөбеде – 109, Жетісуда – 49, Қарағандыда-40, ШҚО-34 адам қан тапсырды және басқа өңірлерде де адамдар бұл апатқа бей-жай қараған жоқ»,  – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.