Ақтаудағы ұшақ апатын тіркеген өздігінен жазғыштарды ашып оқу жүзеге асырылды
Фото: ҚР ТЖМ
Бразилия Әскери-әуе күштерінің ұшақ апаттарын тергеу орталығы Ақтау маңында апатқа ұшыраған «Әзірбайжан әуе жолдары» бортының өздігімен жазғыштарын ашып жазуды аяқтады, – деп хабарлайды Taspanews.kz Trend ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Мәліметтер апатқа ұшыраған ұшақтың негізгі қара жәшігінен ғана емес, сонымен қатар ұшу кезінде борттағы жүйелердің жай-күйін тіркейтін екінші өздігінен жазғыштан да алынған.
Жақын арада Астанаға әуе апатын тергеумен айналысқан арнайы комиссия мүшелері өздігімен жазғыштардан алынған мәліметтермен бірге келеді.
Еске салайық, 25 желтоқсанда Бакуден (Әзірбайжан) Грозныйға (Ресей Федерациясы) бағыт алған Әзірбайжан әуе компаниясының Embraer 190 ұшағы Ақтау әуежайынан бірнеше шақырым жерде апатқа ұшырады.